Data Lab зерттеу тобы БАҚ өкілдерін «Эксперттер мектебі-2024» екінші легінің ашылуына шақырады. Іс-шара 2024 жылғы 2 наурыз күні сағат 14:00-де Алихан Бөкейхан 1А, Назарбаев Центрінде өтеді.
Data Lab — әлеуметтік-экономикалық мәселелерді зерттейтін зерттеу тобы. Қатысушылар Data Lab ғылыми тағылымдамасы бағдарламасы арқылы іріктеледі, онда оларға деректер аналитикасы курсы ұсынылады және Microsoft Certified: Power BI Data Analyst Associate емтиханын тапсыру мүмкіндігі беріледі. Жас зерттеушілер тәжірибелі менторлар жетекшілігімен практикалық тәжірибе алады, Power BI-де деректерді талдау және визуализациялау дағдыларын дамытады. Оқыту онлайн форматта үш ай бойы жүргізіледі.
Іс-шара бағдарламасына панельдік дискуссиялар және зерттеу жұмысының (working paper) таныстырылымы кіреді. Жобаны Эксперттер мектебінің түлектері Анель Балагозинова мен Нұргүл Мамжанова Дана Бурханова жетекшілігінде жүзеге асырды, тақырыбы — «Кедейлікті азайту әдістерін классификациялау және бағалау тиімділігін талдау».
Қазақстандағы әлеуметтік теңсіздікті азайту мен кедейлік мәселесіне қызығушылық танытқан барлық адамдарды қатысуға шақырамыз.