Data Labs Khabar

Бітіреушілердің қорытынды презентациясы

Data Lab Эксперттер мектебінің қатысушыларының қорытынды презентациясы

2024 жылғы 21 маусымда Data Lab Эксперттер мектебін тәмамдаған қатысушылар өз зерттеу жұмыстарын кең аудиторияға ұсынады. Іс-шара сағат 14:30-де Мәңгілік Ел даңғылы 55/15, C2.3 блогы, 3-қабаттағы конференц-залда өтеді.

Презентация барысында бітірушілер әзірлеген зерттеу жобаларын таныстырады. Жобалардың тақырыптары деректерді талдау, стратегиялық болжам жасау, сондай-ақ Қазақстандағы саяси және экономикалық процестерді зерттеу бағыттарын қамтиды.

Бағдарламаға жобаларды қорғау, сұрақ-жауап сессиясы және сертификаттарды тапсыру рәсімі кіреді. Іс-шара соңында қатысушыларға шай-кофе ұсынылады.

Сіздерді қатысуға шақырамыз.

Құрметпен,

Data Lab командасы