Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік саясатына шолу
2026-10-16 12:09
«Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік саясатына шолу» — Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін негізгі мәселелерді зерделеуге және талдауға арналған жыл сайынғы жаңа басылым. Бірінші томда экономиканың негізгі салалары, әлеуметтік үрдерістер мен мемлекеттік саясаттағы өзгерістер нақты деректер негізінде талданады. Негізгі назар 2025 жылғы деректерге аударылғанымен, кейбір зерттеулерде бұған дейінгі кезеңдер де қарастырылады.
ДЕРЕКТЕР АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДЫ ТАНУ
Басылым маңызды салалар мен мемлекеттік саясат бағыттарының даму барысын кеңінен түсінуге мүмкіндік беретін ауқымды статистикалық деректерді, заңнаманы және негізгі нормативтік құжаттарды біріктіреді.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕР БАР?
Бірінші томда үй шаруашылықтарының табысынан бастап энергетика мен денсаулық сақтау салаларына дейінгі Қазақстан экономикасына, мемлекеттік институттары мен қоғамына тікелей әсер ететін өзгерістер қарастырылады. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешен мен энергетика секторы, экспортты әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту, үй шаруашылықтары табысының өзгеруі, денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жағдайы және 2022 жылғы әкімшілік-аумақтық реформаның нәтижелері талданады.
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДЫ СИПАТТАУМЕН ҒАНА ШЕКТЕЛМЕЙДІ
Басылым Қазақстанның қазіргі жағдайын көрсетіп қана қоймай, елдің болашақ даму перспективаларын түсінуге негіз қалыптастыруды көздейді. Талдамалық мақалаларды деректермен және саяси әрі нормативтік-құқықтық ортаға шолумен ұштастыра отырып, жинақ жаңа академиялық зерттеулерге және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатын терең талдауға негіз бола алады.
БАСЫЛЫМ КІМГЕ АРНАЛҒАН?
Басылым Қазақстанның дамуы туралы нақты деректерге негізделген түсінік алғысы келетін барша оқырманға арналған. Олардың қатарында зерттеушілер, экономистер, мемлекеттік басқару саласының сарапшылары, мемлекеттік қызметшілер және талдамалық орталықтардың мамандары бар.
Ұсынылатын сілтеме: Amrin, A., Arshabayeva, A., & Khan, A. (2026). Kazakhstan Economic and Social Policy Review Annual: Volume 1, 2025 (p. 334). Data Lab Research Center, El Umiti Foundation. https://doi.org/10.67840/kespr.v1.2025