Data Labs Zhanalyq

Қазақстандағы кедейлікті классификациялау және бағалау әдістері тиімді ме?

2024-03-02 16:05
2024 жылғы 2 наурызда Data Lab зерттеу тобы Эксперттер мектебі аясында «Қазақстандағы кедейлікті жіктеу және бағалау әдістерін талдау және олардың тиімділігі» атты талқылау өткізді. Ис-шарада кедейлікті жіктеу мен бағалаудың әртүрлі тәсілдері, олардың Қазақстандағы қолданылуы мен тиімділігі қарастырылып, елдегі кедейлікті бағалау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды. Спикерлер: әлеуметтік сала экономикасы бойынша эксперті Батжан Акмолдина, Назарбаев университетінің социология және антропология департаментінің профессоры Дана Бурханова, сондай-ақ Data Lab зерттеушілері – Нұргүл Мамжанова және Әнел Балагозинова. Дискуссия модераторы – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ экономисі, экономикалық саясатты талдау бөлімінің басшысы Анна Альшанская.

Қонақтар ретінде Data Lab Эксперттер мектебінің өткен және жаңа легінің қатысушылары, әлеуметтік статистика және кедейлікті бағалау саласының сарапшылары (Дауренбекова Гүлжан — БНС АСПИР Еңбек және өмір сүру деңгейі статистикасы департаментінің орынбасары), Аскар Қысықов және оның әріптестері Дмитрий Ким, Евгений Хан (Talap орталығының аналитиктері), сондай-ақ СЦК ақпараттық стратегия мамандары қатысты.

Дискуссияда көтерілген негізгі мәселелерге Қазақстандағы «кедейлер» және «қатер тобы» санаттарын анықтау, халықаралық тәжірибемен салыстыру, сондай-ақ кедейлікті азайту бойынша мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау кірді.
Панельдік дискуссия эксперттері
Дауренбекова Гүлжан — ҚР БНС АСПИР Еңбек және өмір сүру деңгейі статистикасы департаментінің орынбасары
Аскар Қысықов — Talap аналитикалық орталығының басшысы
Айжан
Data Lab эксперттер мектебінің қатысушылары