«1+1» бағдарламасы - Data Lab пен Джордж Вашингтон университетінің (GWU) Орталық Азия бағдарламасы (CAP) арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде жүзеге асырылған. Қазақстан мен АҚШ докторанттарына беделді авторлар мен профессорлармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндігі беріледі. Бағдарлама аясында алаңдағы (field) жұмыстар да қарастырылған.
1990 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңге арналған Орталық Азияны зерттеу бағыттары:
- Білім беру саласындағы ынтымақтастық
- Денсаулық сақтау жүйесі
- Экологиялық мәселелер
- Энергетикалық ресурстар және аймақтық ынтымақтастық
- Азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік
- Миграция және еңбек күшінің мобильдігі
- Этникалық және мәдени бірегейлік
Джордж Вашингтон университетінің зерттеушісі Data Lab-де (Астана) үш айға дейін тағылымдамадан өте алады. Ал Қазақстандық зерттеуші алмасу бағдарламасы бойынша АҚШ-қа барады.
Бағдарлама қорытындысы бойынша бірлескен жарияланымдар мен халықаралық конференцияларда баяндаулар ұйымдастырылатын болады. Инициаторлар Орталық Азияны зерттейтін ғалымдар желісін кеңейтуді мақсат етеді.
El Ümiti қоры шәкіртақы ұсынады, оған жол, виза және тұру шығындары кіреді.
Өтініштер 2024 жылғы 25 қазанға дейін қабылданады. Қосымша хат, түйіндеме және зерттеу ұсынысын мына электрондық поштаға жіберу қажет: info@datalabs.kz.